Ойыл тұрғыны Шығанақ Берсиевтің ескерткішіне шығып, оның қолын сындырған
Ақтөбе облысына қарасты Ойыл ауданының тұрғыны Жеңіс мерекесі қарсаңында белгілі тары диханы Шығанақ Берсиевке қойылған ескерткішті бұзған.
Бұл туралы Экспресс К басылымы жазды.
7 мамыр күні шыққан сот үкімінде, Ойыл тұрғыны Жеңіс күні жақындағанына орай ауылдағы клуб жанына қойылған әйгілі тары еккен дихан Шығанақ Берсиевтің ескерткішіне шығып, оның оң қолы мен бас киімінің алдыңғы бөлігін сындырған, деп жазылған. Күдіктіөз кінәсін толығымен мойындаған. Сондай-ақ, мұндай бұзақылыққа баруының себебін, мереке алдындағы өзінің ішкі толқынысымен байланыстырған.
Сот сезімтал жігітті мәдени ескерткішті әдейі талқандады деп танып, оны 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегуге үкім шығарды.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен