Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ойнайтын алаң жасап беріңізші": Маңғыстауда әкімге өтініш айтқан бала желі жұлдызына айналды

Фото: Видеодан скриншот

Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылында әкіммен кездесу кезінде ерекше оқиға болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкім Еркебұлан Қуатұлы балаларды қорғау күні мерекесіне орай жастармен жолығып, еркін тақырыпта кездесу өткізген. 

Ауылдың кішкентай тұрғыны әкімге өтінішін жолдады.

“Балаларға арналған ойын алаңын салып беріңізші. Есбосынов көшесінде тұрамын”, – деді бүлдіршін.

Әкім де лезде “Жақсы” деп жауап қайтарып, уәдесін берді. Алдағы уақытта балалар ойнайтын алаңдар мен парк салатынын мәлімдеді.


  • Ақтауда бір-бірін талдырып ойнаған бала өле жаздады

  • "Балалар алаңы ешкімді мазаламай ма": Астаналықтар дәл тұрғын үй ауласында көлік жуу орны салынып жатқанына шағымданды


Желі қолданушылары баланың батылдығын қызу талқылап жатыр. 

“Тоқаевқа да осы баланы жіберу керек”, “Жаным, өзім жасап бергім келіп кетті ғой!", "Бала тілі – бал деген осы шығар", "Мына бала өзі болашақ әкім болатын бала екен", “Мәселені жігіттерше шешіп кетті”– деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 30 Мамыр, 2025 14:50
Талқылау