Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өткен түнде Шымкентте базар өртеніп, 2 мыңнан астам аумақ жанып кетті (фото, видео)

Өткен түнде Шымкентте «Исатай» базары жанды. Жақын маңда орналасқан ғимараттар мен сауда үйлері өрт сөндірушілердің күшімен жалыннан аман қалды. Өрттің жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуық. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

тиамв

Сурет ҚР ІІМ ТЖК

“21 мамыр сағат 00:39 Шымкенттегі Еңбекші ауданының Уәлиханов көшесінде орналасқан «Исатай» дүкенінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндірушілер болжаммен алғанда 80х25 метр аумақтың жанып жатқанын анықтаған. Өрт сағат 01.55 ауыздықталып, сағат 02:23 толықтай жойылды”, – деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, өрт туралы хабар келіп түскен соң, ол жерге 6 бірлік өрт автоцистерна, автобаспалдақ, апаттық-құтқару автомобилі, және жеке құрамның 34 адамы жөнелтілген. Қауіптілік деңгейі сараланған соң қосымша техника жіберіліпті.

e4638727054e1f0a268d31d89ea14170

“Өрт 1980 шаршы метр аумақты шарпыған. Көкөніс, азық-түлік, киім-кешек, лау-бояу заттары сататын пластик бутиктер жанған. Өрт салдарынан бір пропан баллоны жарылды. Өрт ішінде басқа да баллондар болған, алайда өрт сөндірушілер 50 литрлік пропан балоны мен 2 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерді”, деп атап өтті ТЖК өкілі.

Өрт сөндірушілер өрт сөндірумен қатар маңайдағы ғимараттарға су шашып, оларда өрт тұтанудың алдын алды. Нәтижесінде зоодүкен, дәріхана, ет павильоны, “Мечта” дүкені және автотұрақ өрттен аман қалды. Өзара іс-қимыл жасау үшін оқиға орнына “102”, “103”, “104”, электр желісінің апаттық қызметі, су арнасы қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндіруге жалпы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 115 адамы мен 23 бірлік техникасы қатысты.

Талқылау