"Өтірік пен сандырақ": Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты тараған ақпаратқа жауап берді
Фото: Видеодан скрин
Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жолдау алдында үкімет үйінде журналистердің алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр өзінің ұсталғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.
“Бұл – өтірік, сандырақ. Менің ойымша, ондай адамдар көктемде де, күзде де ... Тіпті, айтарға сөз жоқ”, – деді ол.
Мұрат Нұртілеудің айтуынша, өткен аптада ол жұмыста болған.
“Жұмыста жиналыстарым болғанын көрдіңіздер, басқа елдердегі әріптестермен телефон арқылы сөйлескенімді білесіздер, инвесторлармен жұмыс кездесулері өтті. Барлығы әдеттегідей. Тиісті органдар бар, қажет болса, солар айналыссын. Мен мұны өз басыма қабылдағалы отырған жоқпын", – деді шенеунік.
Еске салайық, бұған дейін журналист Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу пен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
