"Өте жақсы жаңалық": Энергетика министрі Қарашығанақ бойынша арбитраж дауы жайлы пікір білдірді

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ жобасына қатысты инвесторлармен жүріп жатқан арбитраж дауы бойынша пікір білдірді. Ол бұл істер халықаралық арбитраж аясында қаралатындықтан, олардың мазмұны құпия екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдымен министр Энергетика министрлігі қабылданған шешімнің егжей-тегжейін жариялай алмайтынын еске салды.
“Қазір Қазақстан қатысып отырған халықаралық арбитраж істері құпия сипатқа ие. Сондықтан мен бұл ақпаратты не растай да, не жоққа да шығара алмаймын”, – деп атап өтті ол.
Дегенмен ашық дереккөздерде жарияланған ақпарат министрге белгілі бір үміт сыйлағанын айтты.
“Барлығымыз Қазақстанға 2-4 миллиард доллар көлемінде қаражат тағайындалды деген ақпаратты оқыдық. Жарияланған материалдарға қарасақ, бұл өте жақсы әрі үміт сыйлайтын жаңалық. Осы мәліметтерге сүйенсек, біздің мүмкіндіктеріміз өте жоғары”, – деді Ерлан Ақкенженов.
Министрдің "жақсы мүмкіндіктер" деп абайлап айтуына қарағанда, арбитраж бойынша шешім соңғы емес және Қарашығанақ консорциумының (KPO) қатысушылары тарапынан, оның ішінде Eni мен Shell компаниялары арқылы даулануы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу үшін шетелдік акционерлерден бас тартқаны туралы жазған едік.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады