"Өте сүйкімді жұп": Танымал продюсер Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынның құпиясын ашып қойды
Фото: Stan.kz қоллажы
Танымал продюсер Баян Алагөзова қызы Айсауле Бақытбектің “Сырласу” жобасына берген сұхбатында жұлдызды жұптың сырын ашып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айсауле анасынан Қазақстандағы әдемі жұптарды атауды сұрап, өзі де бірнешесін тізімдеді.
“Елімізде жаман қасиеті көп ер адамдың біршама екенін түсіндік, енді жақсы күйеулер туралы айтайық. Менің ойымша, Тимур Балымбетов өте жақсы күйеу. Мен оның әйелін танимын, ол шыныменде жарын сыйлайтын сияқты, олар бақытты көрінеді”, – деді ол.
Баян Алагөзова мен Айсауле Бақытбек сүйкімді жұптардың тізімін жасады:
- Alem мен Вероника;
- Тұрсынбек пен Баян Алагөзовтер;
- Айсауле Бақытбек пен Әлішер Қайдаров;
- Сәкен мен Динара Майғазиевтер;
- Серік Акишев пен жұбайы.
Продюсер соңында Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынның есімдерін атады.
“Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын жас-жұбайлар секілді. Өте сүйкімді жұп. Бір-біріне ессіз ғашық екені көрініп тұрады, мұны бәріміз көріп жүрміз”, – деді ол.
Айта кетейік, 2021 жылы Альмира Тұрсын “Томирис” фильмінің режиссері Ақан Сатаевпен қарым-қатынасы жайлы қауесеттерге пікір білдірген еді. Ол бұл әңгімелерді жоққа шығармады. Дегенмен әртүрлі мәдени шараларда журналистер актрисаны режиссердің жанында бірнеше рет көрген.
Ал Ақан Сатаевтың өзі 2020 жылы жұбайы Назира Бақаевамен 26 жылдық некеден кейін ажырасқан. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың 5 баласы бар.
Еске салайық, бұған дейін “Томирис” фильмінен кейін танымал болған актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде екінші рет ана болуға дайындалып жүргенін хабарлап, ішін көрсеткен суреттерін жариялағаны хабарланған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік