"Өте өкінішті": Бағлан Әбдрайымов екінші киносының да сәтсіз шыққанын мойындады
Кино саласында бақ сынап жүрген әнші Бағлан Әбдрайымов екінші филмінің де сәтсіздікке ұшырағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
instagram.com/baglan_abdraimov_official
“Ееее, кім өзіне ор қазады дейсің? Ізденіс, даму, жақсы өмірге бәріміздің жанымыз құмар. Алайда, біз ойлаған нәрсе бола бермейді. Өте өкінішті сәтсіз проект болғанына. Қалың көрерменнің ойынан шықпады. Жаңа бағыт, жаңа стиль жасап, көременді қуантамыз деп едік… Әттеген ай! (осы орайда жаман пікір жаза беріңіз). Бұл жағдай менің басымнан өткен, бұл жолы басқаша. Қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым желание жоқ. Өмір бұнымен тоқтап қалған жоқ.Адал еңбек, маңдай тер, кеткен уақыт өз жемісін берері сөзсіз. Қайдан екені Аллаға мәлім. Деніміз сау, басымыз аман! Бұл да өтер, сенімдімін. Тағы да шыңдаламыз. Көңіл күй, бәрі жақсы. Тек, алға ғой! Жақсы күнде, жақсы жаңалықпен жолығамыз”, – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары әншіге демеу беріп, барынша қолдау көрсетті. Алайда әншінің кино саласында жүргенін бұрыс санайтын сыншылар да табылды.
“Әлі талай мықты дүние жасайтынына сенемін”, “Бағлан аға, Алла қаласа, үлкен жобалар әлі алда”, “Ер жігіттің басында сәтсіздіктер бола береді. Тек қайтпа, алға”, “Мүмкін кино сенің темаң емес шығар”, “Комедия түсірсем, “шоколад” қылып түсіремін деп едіңіз”, “Сіздің бағытыңыз басқа”, “Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді деген”, “Ән айтып жүре берсеңші”, – деп жазды желідегілер.
Бұған дейін Бағлан Әбдрайымов алғаш рет құмар ойын туралы фильм түсіріп, шығынға ұшырағанын айтқан болатын.