Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шығынға ұшырадым": Бағлан Әбдрайымов құмар ойыннан жеңіліп, өзінен ақша сұрайтындарға жауап берді

Құмар ойын туралы кино түсіріп, шығынға ұшыраған Бағлан Әбдрайымов көмек пен ақша сұрайтын оқырманның көбейгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/baglan_abdraimov_official

“Құмар ойын жайлы талай кездесу өткізгенмін. Мен үшін ең ауыр дүние. Сұхбат, кітап, кино, қолдан келгеннің бәрін жасадым. Тренинг өтуге, ақыл айтуға зауқым жоқ. Адам секілді өмір сүріп жүрмін, көріп жүрсіздер. Тек позитивті ұстанымдамын. Бәрі өз қолыңда”, – дейді Бағлан Әбдрайымов.

“Құмар ойын жайлы өте көп сұрақ келеді. Тағы да айтам, ол - адамның санасына байланысты. Осы кезге дейін берген сұхбаттарым, “АҚ ПЕН ҚАРА” деген кітабым, кешегі “ZERO” киносы, бәрі-бәрі өмірден алынған. Тренинг өткізетін, ақыл айтатын ойым жоқ. Жәй ғана мысал: мен ақымақ ойынды қойып, ақылды ойында жүрмін. Мұнда "ставка" басқа. Тәуекел басқа. Алғашқы кинода аздап шығынға ұшырадым. Оның орнын екінші киномен жабамын деген ниетім бар. Басқа вариант жоқ. Одан кейін де біраз қиыншылықтан өттік, оны жазбаймын, айтпаймын. Өйткені, алдағы болашағымды тек жақсылыққа толтырғым келеді. Тек, алға, алға!”, – деп жазба да жариялады әнші.

 

Талқылау