"Отбасынан ақша бопсалаған": Жас қақпашы қылмыскерлер қолынан көз жұмды
Фото: Ашық дереккөзден
Сенегалдық жас қақпашы Ганада алаяқтар қолынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенегалдың "Esprit Foot Yeumbeul" футбол академиясының 18 жастағы қақпашысы Шейк Туре Ганада қаза тапты. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.
Сенегалдың Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жас спортшыны белгісіз адамдар кәсіби клубқа қақпашы болуға ұсыныс жасап, алдап шақырып алған. Артынша футболшыны Ганаға апарған. Сол жақта оны ұрлап, отбасынан ақша бопсалаған. Құтқару жұмыстары жүргізілгенімен, Туре қылмыскерлер қолынан мерт болды.
Марқұмның денесі Гана аумағынан табылған. Қазір Сенегал мен Гана билігі бірігіп тергеу жүргізіп жатыр. Сенегал билігі спортшының туыстарына көңіл айтып, қылмыскерлерді анықтап, жауапқа тартуға уәде берді. Осы қайғылы жағдайға байланысты футбол академияларына, жаттықтырушылар мен ата-аналарға шетелден түсетін ұсыныстарға аса сақ болуға, тек ресми арналар арқылы тексеру керек екені қатаң ескертіледі.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
