Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дима Билан сияқты жұлдыз болады": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты не себепті ресейлік продюсерлерге бермегенін айтты

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты ресейлік продюсерлердің сұрағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Продюсердің сөзінше, ресейлік бағдарламалар Қайрат Нұртасты жиі шақырған. 

“Добрый вечер” бағдарламасының бас продюсері мені шақырып, Қайратты сұраған. “Бізге бер, Дима Билан сияқты танымал етеміз” деді. Мен бірден келіспедім. Өйткені ол кезде ұлымның отбасы бар еді. Ресейлік продюсердің айтқаны әлі есімнен кетпейді. “Бір күні түсірілім кезінде құрбыммен сөйлесіп, ән айтып жатқандарға мән бермей тұрған едім. Бір кезде ерекше дауысты тыңдап, елең еттім. Интернетті түгел ақтарып, сіздерді таптым. Бағдарламаға да шақырдым” деді. “Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” деп кетіп қалған едім”, – деп жазды продюсер. 


  • "Жұлдызбен неге бармайды?!": Қайрат Нұртас анасымен бірге шетелге демалысқа кетті

  • "Тастары жалтырап тұр": Гүлзира Айдарбекова туған күніне алған сыйлықты көрсетті


Еске салайық, Гүлзира Үсенқызы ұлының “Халық әртісі” атағын алмағанына қатысты пікір білдірген еді. 

“Қайратты атаққа ұсынғанын ешкімнен естіген жоқпыз. Халық өз бағасын беріп қойған. Биліктен ешқандай марапатқа шақырту келген жоқ. Жалпы, мен бірнәрсе айтайын: Қайрат атақ алу үшін лауазымда, қызметте жүрген ағаларының тойында тегін өнер көрсетуі керек. Сол кезде ғана атақ береді. Бізге сондай ұсыныс жасаған. “Қайрат мынадай кісінің тойына барса, атағын алып береміз” деген. Мен ондай дүниелерге қарсымын. Сатып алғанмен бірдей емес пе?! Сосын бізге сатып алған дүние жақпайды. Не нәрсеге қол жеткізсек те, маңдай тер төгуге тура келеді. Балам 20 жылдан бері өнерде жүр. Осы күнге дейін атақ сұрап, ешкімнің есігін қаққан емеспіз. Қайрат та атаққұмар емес. Халық жақсы көреді, әндерін сүйіп тыңдайды. Біз үшін бақыт – осы”, – деді продюсер. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 15:39
Талқылау