"Отбасылық мерекелерді өткізіп аламын": Бахтиер Зайнутдинов футбол мансабындағы қиындықтарын бөлісті
Футболдан Қазақстан құрамасы мен Ыстамбұлдың "Бешикташ" командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов тұрақты жаттығулар мен матчтардың әсерінен барлық отбасылық мерекелерді өткізіп алатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бахтиер Зайнутдиновтың Instagram парақшасынан
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметіне берген сұхбатында ұлттық команданың футболшысы өз тәжірибесін бөлісті. Спортшы футболшы болу оңай емес екенін, әсіресе өзінің туыстарын қатты сағынғанын алға тартты.
"Үй әрқашан тартады. Жеті жылдан бері Қазақстанда тұрмаймын. Сондықтан әрқашан мүмкіндік болған кезде келемін. Туыстарымды сағындым. Футболшыларға оңай деп ойлайтындар бар. Бірақ олай емес. Осы жылдар ішінде отбасымдағы барлық үлкен мерекелерді – туған күндерден, үйлену тойларынан қалдым. Жиенімнің қалай өсіп келе жатқанын да білмеймін. Бұл мен үшін оңай емес. Бұл – футбол әлемінің қараңғы жағы", – деп жауап берді Бахтиер.
Сондай-ақ Зайнутдиновтан Түркиядағы өмірде оған не ұнайтынын айтты.
"Жанкүйерлердің футболға деген сүйіспеншілігі, құмарлығы әлі де таңғалдырады әрі шабыттандырады. Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мұнда футбол туралы барлық жерде айтылады! Ал футболшылар супержұлдыздай. Егер Түркия құрамасының ойыншысы болсаң, тіптен барлық жерде жол ашық. Яғни футболшылар үлкен құрметке ие. Өкінішке қарай, Қазақстанда мұндай қолдауды көп кездестіре бермейсің", – деді Зайнутдинов.
Бақтиер Зайнутдинов өз жолын "Тараз" клубынан бастады. Осыдан кейін 2018 жылы елордалық "Астанаға" ауысып, оның құрамында Қазақстан чемпионы атанды.