Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Отанына қайта алмаған судандық азамат Алматы әуежайында қалып қойды

Фото: t.me/qumash_kz

Қазақстандағы адамдар құқығы бойынша халықаралық бюро 20 жастағы Судан азаматының транзиттік аймақта қалып қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Амир екі жыл бұрын университетте оқу үшін Алматыға келген. Бірақ жақында Суданда әскер мен қарулы азаматтардың арасында қақтығыс болды. Салдарынан Амир тұратын Хартум қаласын жауынгерлер басып алған. Оның үйі қирап, ата-анасы ел ішінде қашқын атанды. Амирдің оқу ақысын төлейтін қаражаты жоқ. Еліне оралайын десе, Суданның әуежайы жабық. 

Шетелдік студент Қазақстанда қашқын мәртебесін алмақ болды. Алайда оған бермеген. Қазақстан соты “шетелдік азамат 1 мамырға дейін Қазақстан аумағынан шығарылсын” деген шешім шығарды.

Амир Суданның Руанду қаласына жетуі үшін рейске ақша жинап берген. Алайда ондағылар Амирдің құжатын қабылдамай, Катарға депортациялаған. Кейін Катардан Алматыға қайта оралды. Мұндағылар оны әуежайдан күтіп алып, Катардың Доха қаласына билеп әперді. Бірақ Qatar Airways әке компаниясы оны қабылдаудан бас тартты. Енді шетелдік студент Алматының әуежайында белгісіз уақытқа қалып қойды. 

Алматы әуежайы болған жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартып, сауалдарды Qatar Airways әуе компаниясына жолдады. 

Бұған дейін 10 жасар қазақстандық баланың Түркия әуежайында екі күн бойы жалғыз қалып қойғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Мамыр, 2025 17:08
Талқылау