Отандық жұлдыздардың балалары соңғы қоңырауларын өткізді (фото, видео)
25 мамыр – барша қазақстандық оқушылар, әсіресе, мектеп бітірушілер үшін маңызды күн. 11 жыл бұрын мектепте тардай боп кірген балалар бұл күні ұяларынан таудай болып ұшады. Бір-ақ күнде түлекке айналып, үлкен өмірге қадам басады. Ал перзентінің мектеп бітіргенін көру – әр ата-ана үшін үлкен қуаныш.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Отандық әншілер де бұл күні өзге ата-аналармен қатар cоңғы қоңырауға қатысады.
Мәселен, биыл ақын Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы мектеп бітіріп жатыр.
Роза Әлқожаның тұңғышы 9-сыныпты тәмамдады. Анасының жолын қуған ұл мектепті осымен аяқтап, өнер Академиясының колледжіне түсуді мақсат тұтып отыр.
Әншінің өзге ұл-қыздары жетінші, төртінші және бірінші сыныпты бітірген.
Алтынай Жорабаеваның Семанұр есімді қызы алғашқы оқу жылын сәтті аяқтап, анасын қуантты.
Айтпақшы, қызының соңғы қоңырауында Алтынай ұстаздарға арнап ән салды.
Сол сияқты Қыдырәлі мен Қарақаттың ортаншы ұлдары бірінші сыныпты үздік аяқтап, ата-анасын қуантты.
Қарақат жаңадан босанғандықтан, мектептегі рәсімге Қыдырәлі қатысып, әннен шашу шашты.
Жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіт тұңғыштары Беколжастың 3-сыныпты үздік бітіргенін айтып, елден сүйінші сұрады.
Сол сияқты продюсер Баян Есентаеваның қызы музыкалық мектепті үздік бітірді.
Публикация от Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)
Жіберіп алмаңыз:
Мақпал Исабекова 800 мың теңге тұратын көйлегін 40 мыңға сатып жатыр
Жазира Байырбекова “тойдан шықпайсың” деп сынағандарға жауап берді (видео)
Тест: Сіз расымен де Димаштың тыңдарманысыз ба?
Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)
Әлем фанаттары Димаштың туған күніне тосынсый әзірлеп жарысуда (фото, видео)