Әншілер сүйіктілеріне берген алғашқы әрі қазір ерсі көрінетін сыйлықтары жайлы айтты
Әншілер Валентин күніне деген пікірімен бөлісіп қана қоймай, сүйіктілеріне ең бірінші қандай сый тарту еткендері туралы айтып берді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше еліміздің бір бөлігі ғашықтар мерекесін атап өтіп, келесі бір бөлігі бұл мерекеден бас тартты. Осыған орай, отандық әншілер өз пікірлерін айтып, естеліктерімен бөліскен болатын.
Лұқпан Жолдасов мырза да аталған мерекеге қарсы екенін білдіріп, махаббаттың екі жас арасында ғана болуы тиіс құпия сезім екендігін меңзеді. Бұдан өзге әнші жарына ең бірінші бір үлкен қызанақ тарту еткенін айтты. Мұны ол кезде заман тапшылығы деп түсіндірді.
Қыдырәлі Болманов Қарақатқа алғаш тирде ұтып алған үлкен жұмсақ ойыншық сыйласа, Айқын Төлепберген сүйіктісіне өзінің өлеңін диктофонға жазып тарту еткен екен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін әншілердің Валентин мерекесіне деген көзқарасы туралы жазған болатынбыз.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық