Отандық продюсер Түсіпбаеваның ТВ-ға жолын жауып тастайтынын айтып қорқытқан
Қазақстандық продюсерлердің бірі Меруерт Түсіпбаеваны ашықтан-ашық қорқытқан. Ол әншінің телеарналарға жолын бөгеп тастайтынын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Түсіпбаеваның өзі желідегі парақшасында жазды.
«Жемқорлық барлық жерде… Жөні түзу көрінетін әйел-продюсер бүгін маған ашық түрде: «Сіздің ТВ-ға шығатын барлық жолыңызды жауып тастаймын», – деді. Таңқалдырды десем аздық етер, ол мені есеңгіретті.. Біз – қазақпыз», – деді ол.
Алайда Түсіпбаева өзін қорқытқан продюсердің атын атамауды жөн көріпті. Есесіне желі қолданушылары түрлі болжамдар жасап, әншіге қорықпауға кеңес берді.
Естеріңізде болса, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева отандық дизайнерлермен нағыз «айқасқа» түскен еді. Қазақстандық танымал дизайнерлер Аида Кауменова, Жадо, Белла Сәт-Мырза отандық бағдарламалардың бірінде бірауыздан Меруерттің стилі мен сахналық образдарын ұнатпайтынын айтып еді. Есесіне әнші Кауменованың алқасын, ал Жадоның өзінің стилін сынға алды.
Жіберіп алмаңыз:
Мұхамедиұлын ақша бопсалады деп айыптаған қазақстандық режиссерге айыппұл салынды
Баян Есентаева «Қаза Аруы» байқауы туралы фильм түсірмек
Қазақстандық жұлдыздар ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді
Болашағынан мол үміт күттіретін қазақстандық 5 актриса (фото)