Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандасымыз самбодан әлем чемпионы атанды

Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальмен толықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз Есет Қуанов 62 кг салмақта финалда ресейлік Аслан Мудрановпен жекпе-жекке шықты. Алғашқы минуттарда Аслан 1:0 есебімен басым түсті. Артынша жеңіске деген жігеріп танытып Есет таразы басын теңестірді. Соңғы минуттар қалғанда тағы бір ұпай алып үлгерді. Осылайша отандасымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы уақытқа дейін Есет Қуанов “Харлампиев мемориалы” турнирінің жеңімпазы атанған болатын. Бүгінгі жеңісі – оның ең үлкен жетістігі болды. Мұнымен қатар, қазақстандық спортшылар Болатбек Райымқұлов пен Нұргелді Қиялбеков аталған сайыста қола жүлде иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, алғышқы күні спорттық самбодан Бейімбет Қанжанов, Әлібек Зекенов және әскери самбодан Райхан Мәди қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Гүлнұр Ерболова, әскери самбодан Амандық Асауұлы мен Темірлан Ихсанғалиев үшінші орынға көтерілді.


Жіберіп алмаңыз:

Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов BoxRec рейтингінде 19-орынға көтерілді

Джейкобс Головкинмен қайта жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Абай Төлеш Қазақстан чемпионатында алтын жүлдеге ие болды

Ниязымбетов финалға қатыспай-ақ Қазақстан чемпионы атанды

Талқылау