Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әбу-Даби Плазада» жұмыс істейтін қазақстандықтардың айлығы шетелдіктікінен көп

«Әбу-Даби Плазада» жұмыс істейтін қазақстандықтардың айлығы шетелдік жұмысшымен салыстырғанда 20 мың теңгеге көп екен, деп жазды Elorda Aqpatat.

© Sputnik / Максим Богодвид

Астана қаласы бойынша  Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру  басқармасының жетекшісі Ермек Оспанов атауы атылған кешеннің құрысын істеп жатқан жұмысшылардың айлығы жайлы айтып өтті. Радиотыңдарман шу шыққан кешендегі жағдайға байланысты шенеунікке арнайы сұрақ қойған болатын. Оспановтың сөзінше  құрлыс нарығында жұмысшыларға ең аз жалақы сол жерде төленіп жатыр екен.

«Келісім шарт бойынша осы кешеннің құрлысшылары айына 100 мың теңге көлемінде айлық алады. Өз азаматтарымыз 120 мың алады»,-деп жауап берді Оспанов.

Басқарма басшысының сөзінше  осы кешенді тұрғызу ісінде 120 мекемемен келісім жасалған, олардың  барлығында тек Қазақстан азаматтары істейді екен. Олардың алатын ақшасы айлықпен емес белгілі бір жұмыстың межесі бойынша көрсетіледі екен. Сондықтан ондағы мамандар айтарлықтай көп ақы алады екен. Сондай-ақ, Оспанов барша халықты шулатқан даудың  күзетшілер  пен Үндістердің бірін-бірі түсінбей қалуынан туындағанын атады.

«Қыркүйектің 2-сі күні  кешен құрлысы жүріп жатқан аумақта күзет қызметкерлері мен Үндістан азаматтары арасында түсінбестік орын алды. Нәтижесінде жиналғандар жаппай төбелесіп, бірнеше жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді. Осы жағдайдан кейін ол жерге қарапайым қала халқы жинала бастады. Полиция қызметкерлері қауіпсіздікті күшейту мақсатында арнайы жасақ шақыртты. Осы оқиғадан кейін Үндістанның 61 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Оларға  «қоғамдық тәртіпті бұзды» деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз:

Қабатов бастаған КВН майталмандары науқас баланың арманын орындады (видео)

Ақбота Сейітмағамбет актер Дидар Кәденмен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Сиви Махмудидің 30 жасында Ресей әншілері ән салды (видео)

Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты

Талқылау