Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік әйел өзіне жақсылық жасаған басшысының үйін тонап кеткен 

 Дәрігер ұрлықты кім жасағанын білген соң, оны аяп қатаң жазаламауды сұраған Басшысымен бірнеше жыл етене жұмыс істеген жас келіншек оның сеніміне әбден кіріп алған.

Басшысының сыртқа шығп кеткенін пайдаланған әйел оның үйінің кілтіне көшірме жасатып алған. Ақырында өзіне сенім артқан басшысының үйіне ұрлыққа түсіп, құны бір жарым миллион теңгенің бағалы бұйымдарын қолды қылған.

Бұл туралы “Өскемен жаңалықтарына” сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Тәжірибелі дәрігер Нұрия Сабитова (аты-жөні өзгертілген) қалалық ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін білікті маман. Осыдан 3,5 жыл бұрын ол Айгүл Бекпаловамен танысқанын айтады. 25 жастағы Айгүл мейірбике болып жұмысқа тұрған. Қос әйел науқастарды бір кабинетте қабылдап, ақырында етене жақын араласып кеткен. Тіпті, жұмыстан тыс уақытта жақын құрбыға айналған. Сабитова қарамағындағы қызметкерді талай мәрте қонаққа шақырған. Алайда сенім артқан құрбысы осындай озбырлыққа барады деп Нұрия еш ойламаған-ды.

Әдеттегідей жұмыс күнінде Сабитова жиналысқа кеткен. Кабинетте қалған Бекпалова басшысының сөмкесінен кілтті шығарып алып, емін-еркін сыртқа шығып кеткен. Кілттің көшірмесін жасатып, қызмет орнына қайта оралған. Кілтті тез арада орнына қойғандықтан, Сәбитова ештеңеден сезіктенбеген.

Ертесі күні Бекпалова басшысының үйіне келіп, арам ойын жүзеге асырмақшы болған. Алайда есік алдынан таныс автокөлікті көріп, біраз күткен. Бірнеше сағаттан кейін үйде болған басшының қызы автокөлігіне отырып кеткен. Оны көрген Бекпалова дәрігердің үйіне ұрлыққа түскен-ді. Бірнеше алтын сырға, жүзік, алқа, қымбат сағат пен фотоаппаратты қолды қылған. Тіпті, оларды тез арада ломбардқа өткізуге қамданған.

Дәрігердің үйінен бір жарым миллион теңгенің заты ұрланған болып шықты. Полиция ломбардтарды тексеру арқылы күдіктіні тез арада тауып алды. Кепіл түбіртектерін Бекпалова өз атына жаздырған көрінеді. Мейірбике кінәсін мойындады. Бұйымдарды сатып, тапқан ақшасының 300 мың теңгесін әйел жаратып үлгергенін айтты. Ал қалған сомма басшысына қайтарылды.  Сатқындықтан хабардар болған Нұрия Сәбитова бұрынғы әріптесін аяп, оны бас бостандығынан айырмауды өтінген. Тіпті, жаратылып кеткен сомманы кері қайтаруды сұрамаған.

Сот Бекпалованы айыпты деп таныды. Оның өкінгені, кәмілеттік жасқа толмаған екі баласының бар болуы ескерілді. Сонымен мейірбике үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Осы уақыт аралығында ол тұрғылықты мекен-жайы мен қызмет орнын ауыстыра алмайды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

2018 жылы Қазақстанда 600 ірі кәсіпорын қызметкерлер санын қысқартпақ 

Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін 

Астанада түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған (видео) 

Көлік жүргізушілері айыппұлды уақытылы төлей алмай жүр

Талқылау