Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі құрылысы аяқталмаған "Азия Авто" зауыты мемлекеттік ұйымға берілді

Өскемендегі құрылысы аяқталмаған

Фото: Электрондық сауда порталы

Аяқталмаған "Азия Авто" зауыты, оған іргелес ғимараттар мен құрылыстары бар төрт жер учаскесі кешенді түрде мемлекеттік ұйымға берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

7 сәуірде, сауда-саттық өтті. Зауыт Өскемен қаласында Егорова көшесінде орналасқан. Жер учаскелерінің жалпы аумағы 515 гектардан асады. Барлық нысан 23 267 885 900 теңгеге бағаланған.

Саудаға тек мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын нысанында тіркелген заңды тұлғалар, соның ішінде әлеуметтік қызмет көрсету субъектілері ғана қатыса алды. Сауда-саттық нәтижесі “сатылды” деп көрсетілген.

230 миллиард жымқырған

230 миллиард жымқырған "Азия Авто" компаниясының экс-басшылары Балушкин мен Сағымбаев Қазақстанға қайтарылмайтын болды

Оқыңыз

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі құрылысы аяқталмаған "Азия Авто" зауыты саудаға шығарылғанын жазғанбыз. 

Осы жылдың ақпан айында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ведомство Өскемен қаласындағы "Азия Авто" зауытының алаңын жаңа инвесторларға беру нұсқасын қарастырып жатқанын хабарлаған.

2025 жылы сот "Азия Авто" компаниясының бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа сырттай үкім шығарды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар банк несиелерін өтеуден және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында 230 млрд теңгені жымқырған. Бұл қаражат автокөліктерді өнеркәсіптік құрастыру зауытын салуға арналған еді.

Балушкиннен "Рахманов қайнары", "Нұртау" және "Порт Фортуна" демалыс базалары сияқты 77 жылжымайтын мүлік нысаны, сондай-ақ 1000 бірлік жылжымалы мүлік тәркіленді.

2022 жылдың мамыр айында Өскемен қаласындағы  "Азия Авто" зауытының ғимараттарын сату әрекеті жасалғанымен, сауда тоқтатылған. Алайда басқа лоттар, атап айтқанда жер телімдері бойынша аукциондар өткен.

2024 жылдың тамыз айында "Рахманов қайнары" шипажайы сауда нәтижесінде мемлекеттік органдардың балансына берілді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 19:30