Өскеменде жігітті үйге кіреберіс есіктен тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті
Фото:Telegram/HALYQSTAN
25 желтоқсан күні Өскеменде жігітті бес қабатты тұрғын үйдің есігінен тоқ соғып, салдарынан ауыр жарақат алды. Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындардың айтуынша, Протозанов көшесіндегі №31 бес қабатты үйдің кіреберісінде домофонынан бір ай бойы адамдарды ток соққан. Ешқандай шара қабылдамағанның салдарынан тұрғындардың бірі ауруханаға түсті.
Тұрғындардың айтуынша, жігітті қатты тоқ соққаны сондай оны бірнеше метрге лақытырп жіберген. Олар бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген соң реанимациялық шаралар жүргізді, жүрегі тоқтап қалған екен. Кейін жігітті ауруханаға алып кетті, қазір ол жансақтау бөлімінде.
“Мұның бәріне кім жауап береді? Неге ешкім ештеңе істемеді, осындай жағдай болғанша күткен бе? Біздің тұрғын үйде қарт адамдар көп тұрады, егер тағы біреуді тоқ соқса, мұның салдары өте ауыр болуы мүмкін”, — дейді тұрғындар.
Әкімдік болған жағдайдан хабардар. Электр тоғының таралу себебін анықтау үшін оқиға орнына “Исток” ПИК қызметкерлері шақырылды.
“Электр тоғымен зардап шегу фактісі тіркелді, оның көзі болжам бойынша “Алма домофон” ЖШС қызмет көрсететін домофон болған. Оқиға орнына тұрғын үй қатынастары бөлімі мен Техникалық басқару орталығының өкілдері келді. Қажетті тексеру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу үшін домофон электр желісінен ажыратылды”, — деп түсіндірді Өскемен қаласының әкімдігі.
Кейін әкімдік тоқ соғудың себебі есік жақтауында орнатылған прожектор шамы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол ажыратылып, қауіп жойылды.
Зардап шеккен жігіттің жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды