Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде Рамазан айы кезінде арнайы таксилер жұмыс істейді

Облыс орталығында қасиетті ай кезінде түнгі намазға мешітке баратындар үшін “Имам” деп аталатын таксилер жұмыс істейді.

TZiHNVT1l9iEd3Rc-lg

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“Түнгі намаздан кейін үйге қайту кезінде үлкен кісілерге біраз қиын тиеді. Енді арнайы таксидің арқасында олар үйлеріне тез әрі жайлы жетеді”, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай атындағы мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай.

Еске сала кетсек, Рамазан айы 24 мамырдан 24 маусымға дейін созылады. Бұл айда мұсылман қауымы ауыз бекітіп, құлшылық қылады.

Оқи отырыңыз:

Қуат Хамит: Шетелден келін әкелсем, бірінші әкем өлтіреді

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады

ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

Талқылау