Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық отбасы ұлттық парк аумағындағы вандалдар бүлдірген жартастарды қалпына келтірді

Фото: видеодан скрин

Өскемен тұрғыны Вячеслав Орлов отбасымен Қатонқарағай ұлттық паркінің аумағындағы вандалдар бүлдірген жартастарды қалпына келтіруді қолға алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Орловтар ұлттық парк қызметкерлерінің үндеуін әлеуметтік желілерден көрген. Қызметкерлер туристерді тазалықты сақтауға шақырып, жартастарға салынған фотосуреттерді жариялаған. Отбасы көмектесуге шешім қабылдаған. Тазалаудың ең оңай тәсілін таңдап, баспалдақ, құрал-сайман алып, табиғатқа аттанды. Вячеславтың айтуынша, әр жазбаны алып өшіруге шамамен 30 минутқа дейін уақыт кеткен. Вячеслав Орлов кәсіби альпинист және жаттықтырушы болғандықтан, оның спорттық дайындығы да кәдеге жараған.

"Біз 72-ге жуық жазбаны түсіріп алдық, тур бір аптаға созылған шығар. Мұны қалай істеу керек екені туралы кеңес көп. Біз қазір осының бәрін ойластырып жатырмыз, менің ойымша, біз ортақ байламға келіп, оны жаһандық жобаға айналдырамыз және Шығыс Қазақстан облысындағы ғана емес, өзге де өңірлердегі жартастарды тазартамыз", – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Вячеслав Орлов.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 17:18
Талқылау