Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды
Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Павлодар облысы ТЖД
Қаладағы жер үйлердің бірі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.
"Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында", – делінген ақпаратта.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұмдардың бастарында кесілген жарақаттар табылған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген