Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде оқушы қыз өзіне қол жұмсағысы келетіні жөнінде желідегі парақшасында жазған  

15 жастағы оқушы қыз әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қол жұмсағысы келетіні жөнінде жазған. Бұл жазба қалалық бақылау органының көзіне түсті.

1440932478_1

Фото:www.vladtime.ru 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз жеке парақшасында «Мен ешкімге жамандық жасаған жоқпын. Мен жай ғана өмірмен қоштасқым келеді» деп жазған.

Бақылау органы қыздың өзімен ата-анасымен бірлесе жұмыс істей отырып, қызды райынан қайтуға көмек берді. Оқушымен психологтар сөйлесті. Оның мұндай шешімге келуіне жас жігітпен айырылысуы себеп болған екен.

«Қызға қазір ешқандай қауіп төнңп тұрған жоқ. Ол енді өзіне қол жұмсамайды. Оған психолог мамандар көмектесті», – дейі облыстық прокуратурада.

Бас прокуратураның тапсырмасымен бақылау органдары желіде мониторинг өткізіп отырады. Нәтижесінде «ВКонтакте» желісінде суицидті насихаттайтын 8 топ жабылған болатын.

Михаил Потапов

Жіберіп алмаңыз:

Мұхтар Әуезов Әзірет Әлидің қырық бесінші ұрпағы болып шықты (фото)

Қазақстандық алты жасар бала каратэден әлем чемпионы атанды

Жаратушы аян берген 69 жастағы қария 18 жылдан бері орманда үңгір қазып келеді (фото)

Талқылау