Өскеменде ер адам жанып жатқан үйден бала мен анасын алып шығып құтқарып қалды
Өскеменде 26 ақпан күні өрт болып, екі жасар сәби қайтыс болды. Ал соңғы бірер күнде көршінің арқасында анасы мен төрт жасар ұл баланың аман қалғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Дерек бойынша, үйдің иесі ағасымен және оның бірге тұратын әйелімен бірге спирттік ішімдік ішкен. Үйде 14, 4 және 2 жастағы үш бала болған. Осы уақытта үйде өрт тұтанып кетеді. Барлық отбасы құтқарылғанымен, анасы ұмытып кеткен екі жасар сәби жанып кетті.
Тексеру барысында төтенше жағдай басқармасының мамандары анасы мен төрт жасар сәбиді 52 жастағы Нұрлыбек Шайдармановтың құтқарып қалғанын анықтады. Бастапқыда сабырлы ер адам өзінің ерлігі туралы мүлде айтпаған екен.
Таң алакеуімде болған өрт кезінде Нұрлыбекті әйелі оятқан. Ол тұра сала жанып жатқан көрші үйге жүгіріп барып, бірінші жылап жатқан төрт жасар сәбиді сыртқа алып шығады. Сосын қайта келіп мас болып қалған әйелді құтқарады. Бұл уақытта өрттің аумағы кеңейіп келесі тұрған үйге жақындай түскен. Нұрлыбек көрші үйдің иесін оятып, өрт сөндіру қызметін шақырады.
Көлік жүргізушісі болып істейтін Нұрлыбек Шайдарманов екі баланың әкесі екен.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбелік бизнесменнен даяшымен болған интимді видеосы үшін 5 миллион теңге тартып алған
Құжатын жоғалтқан қазақстандық отбасы балаларын мектепке оқыта алмай жүр
Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген
Дәрігерлер құлдықтан құтылған жігіттің аяғын кесуге мәжбүр болды