AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік бизнесменнен даяшымен болған интимді видеосы үшін 5 миллион теңге тартып алған

Ақтөбеде жас қызбен көңіл қосқан бизнесмен бар мүлкінен айырылып қалуға мәжбүр болды.

2017030208574510236_0w3omzbpbg59

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Қыз пәтерде бай кәсіпкермен жыныстық қатынасқа түсіп, артынша бизнесменнің аяғын аспаннан келтірген. Яғни, оны зорлық туралы мойындауды жаздыруға мәжбүрлеген. Қыздан құтылу үшін бизнесменнің қымбат көлігі мен ақшасын беруге тура келген.

“Амазония” кафесінің иесіне белгісіз біреу келіп, жер бетінде өмір сүріп жүргені үшін “ағайынды мұсылмандарға” ақша төлеуін талап етіпті. Кәсіпкер бопсалау туралы арыз жазып, бірден полицияға түсіреді. Іс қозғалғанымен, артынша жабылып қалған. Күдікті бизнесмен өзін дұрыс түсінбеді дейді. Бұдан кейін оның қарсылығы үдей түседі.

Клиент оның кафесінде тәрелкенің үстіне қоңыз тастап, оны суретке түсіріп, СЭС-ке хабарласып тексерулерін сұрайды. Біраз уақыттан соң бизнесменнің көлігінің дөңгелегін тесіп, ал оның әйелінің автокөлігіне хабарлама қалдырып, бұл олардың соңғы ескертуі екендігін, 50 мың доллар талап ететіндерін айтып кетеді.

Шамамен осы уақытта бұл қылмыскерлер тағы бір ақтөбелік бизнесменді тақырға отырғызған. Даяшы онымен жыныстық қатынаста болуға кетәрі еместігін айтады. Тергеу дерегі бойынша, бизнесмен қызбен Кошевого көшесіндегі пәтерде кезіккен.

Төсек қатынасы біткен соң, пәтерге даяшының сыбайластары кіріп келген. Олар бизнесменді ұрып, пәтерде күштеп ұстап, 100 мың доллар талап етеді. Қызбен қатынасты видеоға түсірдік деген олар, интернетке жариялап жібереміз деп те қорқытқан. Ақырында зорлағанын мойындайтын және борыштық қолхат жаздыртып алады. Ер адам оларға өзінің жол талғамайтын көлігі мен 5 миллион теңге берген.

Тергеу дерегі бойынша, бизнесмендерден ақша жымқыру идеясының авторы ақтөбелік Аманжол Исмағұлов екен. Ол өзінің қарақшылық ісіне таныстарын, оның ішінде 23 жастағы даяшыны да араластырған.

Қазір бопсалағаны және заңсыз бостандықтан айырғаны үшін облыстың төрт тұрғыны сотталуда: Аманжол Исмағұлов, Асхат Кереев, Дамира Нағиева, Галина Шмыкова.

Оқи отырыңыз:

Құжатын жоғалтқан қазақстандық отбасы балаларын мектепке оқыта алмай жүр

Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген

Дәрігерлер құлдықтан құтылған жігіттің аяғын кесуге мәжбүр болды

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр