Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ер адам досын өлтіріп, оның үйінде үш апта бойы тұрған

Өскеменде ер адам досын өлтіріп тастап, оның үйінде үш апта тұрған.

Robber thrusting a knife

Оқиға былай болған. 52 жастағы Анатолий (аты-жөні өзгертіліп берілген) досы Евгенийдің үйіне келеді. Досының үйі облыс орталығындағы саяжай кентінде орналасқан екен. Ер адамдар бірге ішімдік ішеді. Кейін сөзге келіспей қалып, бір-бірін бейәдеп сөздермен балағаттаған. Анатолий пышақ алып, досының кеудесіне сұғып жібереді. Евгений қашып құтылмақ болып есікке қарай жүгіреді. Анатолий қуып жетіп, арқа тұсынан тағы бірнеше рет пышақтайды. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған, деп хабарлайды Baq.kz.

Анатолий мәйітті сол жерге қалдырып, өзі ұйықтауға кетеді. Таңертең Евгенийдің денесін үйге кіргізіп, қан сіңген киімін шешіп, таза киім кигізіп, көрпе жауып, жатқызып қояды. Ал қан киімдерін пешке жағып жібереді. Екі күн өткен соң көршілері сезіктеніп қалар ма екен деген оймен, досының денесін моншаға апарып тастайды.

Анатолий өлген досының үйінде 3 апта тұрады. Көршілер мен кент күзетшісіне Евгений ақша табу үшін басқа қалаға кеткенін айтады. Бірақ күзетші бір нәрседен күдіктеніп, Анатолийден кілтті тартып алып, үйден қуып шығады.

Тағы төрт күн өтеді, бірақ Евгений үйіне қайтып оралмайды. Алаңдаған көршілер Евгенийдің ұлына қоңырау шалып, әкесі бірнеше аптадан бері көрінбей қалғанын айтады. Ұлы бірден келеді. Ұлы үйдің шашылып жатқанынан сезіктенеді. Өйткені әкесі үйді таза ұстайтын. Ұлы бірден полицияға хабарласып, әкесінің жоғалып кеткенін айтады. Үйді, ауланы қарап шығады. Моншаны да тексереді. Ол сол жерден әкесінің денесін тауып алады.

Полицейлер Анатолийдің үйіне барғанда, есікті анасы ашып, ұлының үйде жоқ екенін айтқан. Бірақ үйді тінту барысында Анатолий қоймадан табылды.

Сотта Анатолий қылмысқа қандай да бір қатысы барын мойындамайды. Ол түнде мас болып ұйықтап қалып, таңертең оянғанда досының денесін даладан тауып алғанын айтқан. Мәйітті қорыққаннан тығып қойыпты. Ал қылмыскер қайтып келе ме деп үйде ұзақ мерзім тұрғанын айтқан.

Сотталушының психикалық ауытқушылығы бар үшінші топтағы мүгедек екені ескеріліп, жаза жеңілдетілді. Бірақ оның ақыл-есі дұрыс деп танылды. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Тағы да оқыңыз:

Сириялық қаруланған оппозиция өкілдері Астанаға келуі мүмкін

Түркістанда ер адам өзінің кім екенін білмейтінін айтып, тұрғындардан көмек сұрады

Қажылықтан келген пірін ақ киізбен көтеріп, аяғын сүйгендер жұртты шошытты (видео)

 

Талқылау