Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде дүкеннің ашылуында тегін аяқ киім алмақ болғандар бір-бірін таптап кете жаздаған

Бір топ адамВидеодан скрин

Өскеменде жаңа ашылған дүкендегі аяқ киімді тегін тарату акциясы кезінде адамдар бір-бірін таптап кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде дүкеннің ашылу сәтінен түсірілген видео тарады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашылу қарсаңында жүз жұп аяқ киім тегін таратылған.

Алайда куәгерлердің сөзінше, шара соңы адамдардың бір-бірін итеріп, таптап кете жаздаған.

"Құлап қала жаздадым. Топ ішінде 40–50–60 жастағы ересек әйелдер бірін-бірі итеріп жатты”, "Біз таңертең келдік, бірақ ішке кіру өте қиын болды. Күн суық еді, далада тоңып қалдық та, ақыры үйге қайтып кеттік. Босқа келгенімізге өкіндік. Осынша уақытымыз зая кетті", – деп жазды желі қолданушылары.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 11 сәуір күні жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз аяқ киім дүкенінің ашылуы өткен.

"Іс-шара барысында келушілердің өміріне қауіп төндіретін ұйымдаспағвн адамдар жиналуы орын алған. 12 сәуір күні ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Ұйымдастырушыға 20 АЕК (шамамен 86 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда келушілер суретке түсу үшін гүлзардағы гүлдерді таптап тастағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 22:09