Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ауа райына байланысты жол жабылды

"Алматы-Өскемен" тас жолының бір бөлігі жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Абай ауданында қатты жел мен қалың қардың салдарынан Алматы-Өскемен тас жолының Таскескен ауылынан Қалбатау кентіне дейінгі учаскесі – 683-967 шақырым аралығы жүк және жолаушылар көлігі үшін жабылды.

Шектеу сағат 16:30-да күшіне енді және ауа райы жақсарғанша жалғасады. Абай аудандық полиция басқармасы жүргізушілерді абай болуға және балама бағыттарды жоспарлауға шақырады.

"ҚазАвтоЖол" 10 қараша күні сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты жүк және жолаушылар тасымалына келесі жолдарда қозғалысқа шектеу енгізіліп жатқанын хабарлады:

  • Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы 1123-1191 шақырым, Предгорное ауылы учаскесі – Шемонаиха;
  • Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы 1194-1212 шақырым, Шемонаиха қаласының учаскесі – Ресей Федерациясының шекарасы;
  • Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы 15-105 шақырым, Белоусовка ауылы учаскесі – Риддер қаласы.
Талқылау