Өскеменде 74 жастағы қария ашық жатқан шұңқырға құлап кетті (видео)

Өскеменде 74 жастағы зейнеткер көшеде ашық жатқан шұңқырға құлап, жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға қаладағы Көкбазар маңында болған. Зейнеткер кеудесі мен шынтағын ауыртып алған.
Ақсуда 5 жасар қыз бала қайнаған су толы шұңқырға құлап кетті
“Репортер” басылымының мәліметінше, шұңқырды базардағы саудагерлер қазған. Қала тұрғындарының айтуынша, олар бірнеше ай бойы жеке жылу желісін ауыстырып жатқан көрінеді, бірақ жұмыс әлі аяқталмаған. Куәгерлер шұңқырдың қоршалмағанына наразылық білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте кәріз шұңқырына құлап қаза тапқан 6 жасар баланың өліміне қатысты сот үкімі шыққан еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді