Өскеменде 7-қабаттан ер адам құлап кетті
Өскеменде жетінші қабаттағы пәтердің терезесінен ер адам құлап кетті. Бұл туралы ШҚО ІІД хабарлады.
Фото: pravda.ru
Оқиға болған үй Карл Маркс көшесінде орналасқан.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтердің 44 жастағы иесі жөндеу жұмыстары кезінде терезеден құлап кеткен.
«Ер адам алған жарақаты салдарынан мерт болды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Тағы оқыңыз:
Ғалымдар адам миынан Wi-Fi тапты
Экс-депутаттан зорлық көрген қыз екінші рет Назарбаевтан көмек сұрады (видео)
Ауғанстаннан келген студент Назарбаевтан көмек сұрады (видеоүндеу)
Алматы облысында 600-ге жуық отбасы далада қалуы мүмкін
Талқылау