“Оскар” жүлдесін алған танымал актер үйсіз қалғанын мәлімдеді
Фото: Reuters
Атақты америкалық актер, екі дүркін “Оскар” жүлдесінің иегері Кевин Спейси үйсіз қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Танымал актер бұл туралы The Telegraph басылымына берген сұхбатында айтты.
Актердің айтуынша, өзіне тағылған “сексуалды қысым көрсетті” деген айыптаулардан кейін мансабы зардап шеккен. Жұмыс тапшылығы мен сот процестеріне кеткен үлкен шығындар, қаржылық қиындықтарға байланысты ол өзінің Мэриленд штатының Балтимор қаласындағы 12 жыл тұрған үйін сатуға мәжбүр болыпты.
“Қазір қонақүйлерде тұрамын, уақытша пәтер жалдаймын. Жұмыс қай жерде болса, сол жаққа барамын. Қазір тұрақты үйім жоқ", – деді актер.
Айта кетейік, 2023 жылы Лондонда сот алқасы Кевин Спейсиді зорлық әрекеттері бойынша тағылған айыптардан ақтап шықты. Актер үкім жарияланған сәтте көзіне жас алған.
Кевин Спейси – америкалық актер, продюсер және режиссер. Спейси екі мәрте "Оскар" жүлдесінің иегері атанды: 1996 жылы "The Usual Suspects" ("Күмәнділер") фильміндегі рөлі үшін "Ең үздік екінші пландағы актер", ал 2000 жылы "American Beauty" ("Америкалық сұлулық") фильміндегі басты рөлі үшін "Ең үздік актер" номинациясы бойынша марапатталған.
Еске салсақ, бұған дейін "Кальмар ойыны" сериалындағы 81 жастағы актер жыныстық қысым көрсету ісі бойынша ақталып шыққаны туралы жазған едік.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады