Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осындай жар сыйлағаныңызға рақмет": Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады

Отбасылық дуэт Бүркіт пен Аиша аналарын қуантып, көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/berkut_aibekjan/

Өнер иесі көлікті әйелі алғанын жасырмады. 

“Мен әлі жұбайымнан көп нәрсе үйренуім керек екен. Бұл – Аишаның өзінің анасына сыйы. Иә, түсінем, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен айттым, "Бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы" деп. Не деген қарапайымдылық десеңші, Аишанікі. "Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің инициативасы" деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым шынымды айтсам… Басқа адам болса "Иә, анашым, бұл менің сыйлығым” деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма мың рақмет, маған осындай жар сыйлағанына! Жұмада жасаған игі ісіміз! Сондықтан мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылықты үйренуім керек екен деген шешімге келдім", – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары Аишаның өмірде қарапайым екенін жарыса жазып жатыр. 

“Студияда істегесін түрлі жұпты көреміз. Бүркіт пен Аишаның махаббаты сондай шынайы”, “Аишаның анасы өзінен жас көрінеді екен”, “Құтты көлік болсын”, “Керемет сәт, көзге жас үйірілді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған еді. 

 

Талқылау