"Осындай қадамға баруға тура келді": Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметтен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала басшысы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Әкімнің айтуынша, қызметтен кетуіне денсаулығы себеп болған.
“Мен атқарған қызметімді денсаулығыма байланысты аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. Денсаулығыма байланысты белгілі бір уақыт еңбек демалысында болдым. Осы жағдай қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым. Дегенмен денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі, сондықтан осындай қадамға баруға тура келді”, – делінген жазбада.
Атышулы Талғар қаласының әкіміне жұмысын дұрыс орындамағаны үшін айыппұл салынды
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар ауданының әкіміне, әріптестеріне, Талғар қаласының тұрғындарына және ақсақалдарына алғыс білдірді.
“Талғар қаласында 1 жыл 2 ай қызмет атқару барысында әлеуметтік-экономикалық дамуға, инфрақұрылымды жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Әрбір бастама мен жобаның артында ортақ еңбек, бірлік пен сенім тұрғанын ерекше атап өткім келеді”, – деп жазды әкім.
Еске салсақ, Арыстанбек Әбілқайырұлы 2024 жылдың желтоқсан айында өткен сайлауда 3 үміткердің арасынан 9071 дауыс жинап, Талғар қаласының әкімі болып сайланған еді.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты