"Осы өмірде жүргендей": Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсеновті еске алды
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм сазгер Арман Дүйсеновті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Халықтың сүйікті әншісі жеке парақшасына видео жариялап, жазба арнады.
“Осындай естелік видео келді. Мен үшін әлі осы өмірде жүргендей?! Топырағың торқа болсын”, – деп жазды әнші.
Өнер иесі бейнежазбада сахнаға дайындықсыз шығып, композитормен дуэт орындады.
“Сырласу бағдарламасынан шығып, осында келдім. Залда Арманның отырғанын көріп қалып, шақырып алдым. Рояльсыз және ешқандай дайындықсыз ән орындап берейік”, – деді халық әртісі.
Кенет сахнаға көтеріліп келе жатқан марқұм сазгердің аяғы тайып кетіп, құлап түседі.
“Көрдіңдер ме, менің қасыма келетін жігіттер осылай құлайды. Сол үшін де маған ешкім жоламайды. Өйткені біледі арты неге апарып соғатынын”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, халық әртісі марқұмның ұлы Абылайдың да неден көз жұмғанын айтқан еді.