Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осы қыздан артығы жоқ": Бағлан Әбдірайымов жарымен қалай танысқанын айтты

Танымал әнші, кинопродюсер Бағлан Әбдірайымов жарымен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Өнер иесі “Ұрпақ” подкастында отбасылық өмірінен сыр шертті. 

“Әйелім – көрші ауылдың қызы. Алғаш рет 10-сыныпта көргенмін. 11-сынып оқып жүргенде тағы бір жолығып қалдық. Тіпті студент болып жүргенде Шымкентте тағы көрдім. Бірақ ол кезде бірге өмір сүреміз деп ойламадым. Ең алғаш кездескен бейне көз алдыңда қалып кетеді ғой. Кейін "Жігіттер" квартеті құрылды, сонымен жүрдік. Жасым 27-ге келді, үйленетін уақыт жақындады. Былай уәделесіп, не қол ұстасып жүрген қыздар болмағандықтан "қандай жар таңдауым керек" деген сұрақ тұрған кезде, бір досымыздың тойынан осы Розаны көріп қалдым. Сол кезде іштей бір "осы сұрақтың жауабы табылды" дедім. Солай отбасы болуға шешім қабылдадық”, – деді әнші. 



Өнер иесінің айтуынша, әкесі келінін бір көргеннен ұнатып, басқа қызға үйленуге қарсы болған көрінеді. 

“Ердостың тойында Розаны ата-анаммен таныстырдым. Марқұм әкем: “Біздің пікірімізді тыңдайтын болсаң, осы қыздан артығын біз көріп тұрған жоқпыз" деді. Содан байланыс орнатып, жағдай сұрастық. Екі жақ құдаласты. Қазір екі қыз тәрбилеп отырмыз. Жар таңдаудан жаңылыспадым деп айта аламын”, – деді эстрада жұлдызы. 

Айта кетейік, өнер иесі құмар ойынға салынған кезде келіншегінің қалай қабылдағанын айтып берген еді. 

Талқылау