Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өсек-аяң, қыстырма әңгіме бар": Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өмірі жайлы айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өміріне қатысты оқырман сұрақтарына жауап берді. Актриса өнер мен өмірді араластырмау керек, әр жанкүйер әншінің өмірін емес, өнерін ғана бағалау керек деген ұстанымда. 

"Бізде өнер мен өмірді барлығы шатастырып жатады. Әр адамның жеке өмірі — өзінің әлемі. Өздеріңіз білесіздер, мен 10 жылдай үйде отырдым, бірақ ерігіп отырған жоқпын. Бала тәрбиесімен, аналық міндетімді орындау үшін отырдым. Қайрат екеуміздің шаңырақ көтергенімізге 15 жыл болды ма, міне, содан бері жеке өміріміз талқыланып келе жатыр. Ол үшін не істеу керек? Әрине, көпшіліктен қорғау керек. Жеке әлеміме ешкімді кіргізбеу керек деп шештім. Мұрын сұғуына рұқсат бермейтін болдым”, – деп жазды Әбдікәрімова.

Жұлдыз ханым жеке өміріне қатысты ешқандай сырды айтпауды жөн көрген. Актриса тек өнердегі жаңалықтарды ғана бөлісемін деп келісті. 

“Қайраттың тыңдарманы болсын, менің оқырманым болсын, оны дұрыс қабылдай білу керек деп ойлаймын. Өйткені сіздің де, маған пікірлер жазып отырған оқырманның да өз өмірі бар. Менікі де тура солай. Менің өмірім, менің отбасым тек маған ғана қатысты”, – деді ол. 



Айтуынша, адам басына іс түскенде өз қиындығын өзі шешеді. Оқырмандардан көмек күтпейді. Сондықтан басқа жағдайда да оңаша болғысы келеді. 

“Құдай сақтасын, әрине, бірақ ертең бір жағдай болып жатса, ешкім жауап бермейді ғой. О дүниеге барғанда да әркім өзі үшін жауап береді. Сондықтан әркім өз жайымен жүрсе екен деймін", – деді ол.

Өнер мен өмірді шатастырмаса деймін! Өнерді бағалады ма? Болды, демек өнеріне ғашық. Өнерге дұрыс көзқараспен қарасақ, сол кезде мәдениетіміз өседі. Ал өсек-аяң, қыстырма әңгіме бар жерде мәдениетіміз өспейді", - деді Әбдікәрімова”, – деп жазды актриса.

Желі қолданушыларының бірі оның сөзін қостап, енді бірі өз жеке пікірін айтты. 

“Сіздер өнер адамы болған соң бәрі ел назарында болмақ”, “Өздеріңіз жеке өмірлеріңізді айтып, елді қызықтырып жүрген”, “Сіздерде ешкімнің шаруасы жоқ”, “Кей оқырманға жеке өміріңіз қызық, сол үшін сұрайды”, “Дұрыс айтасыз, әншінің өнері ғана қызықтыру керек”, деп жазды олар. 

Талқылау