Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясы мәжілістің жаңа депутатын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің жаңа депутаты Асылбек Жамашұлы Нұралинді тіркеу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: election.gov.kz

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутатының бос қалған мандатын "Қазақстан халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асылбек Жамашұлы Нұралинге беру және оны депутаттыққа тіркеу туралы шешім қабылдады. Жаңа депутатқа тиісті куәлік пен төсбелгі табысталды.



Оған Қазақстан халықтық партиясының қаулысымен өкілеттігі тоқтатылған экс-депутат Гаухар Танашеваның бос қалған мандаты берілген.

"Асылбек Нұралин – ірі металлургтер кәсіподағын басқарады және еңбекті ұйымдастыру, ел экономикасын дамыту салаларында терең білімі мен бай тәжірибесі бар", – делінген партия хабарламасында.

Талқылау