"Ортақ 7 баласы бар": Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Маңғыстау облысы Қызылсай ауылында ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы хабарды қазақстандық азамат Threads желісінде жазды.
“Оқиға Қызылсай ауылында 29 қаңтар күні кешкі уақытта болған. 43 жастағы ер адам әйелін суық қарумен жарақаттаған. Ерлі-зайыптының ортақ 7 баласы бар. Мұндай қылмыстар жасырын қалмауы және ақталмауы тиіс”, – деп жазды ол.
Скрин: Threads
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Талғарда ер адам азаматтық некедегі әйелін қызының көзінше пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Маңғыстау облысында дәрігерді жұмыс орнында пышақтап кетті
“29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туған. Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ер адам көшенің қақ ортасында әйелді пышақтап өлтіріп кеткен еді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты