Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылынан кейін Қарашығанақ кен орны өндірісін азайтуға мәжбүр болды
Фото: kmg.kz
Украина дрондарының Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауытына жасаған шабуылы салдарынан Қазақстанның Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнында өндірісті 25–30 пайызға азайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі ең ірі газ өңдеу зауыттарының бірі болып саналатын Орынбор зауыты шабуылдан кейін Қазақстаннан газ қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл ақпаратты Қазақстанның энергетика министрлігі растады.
Айта кетейік, Украина Ресейдің Орынбор облысындағы (Украина шекарасынан шамамен 1 700 шақырым шығыста орналасқан) газ зауытына және Самара облысындағы мұнай өңдеу зауытына соққы берген еді. Киев тамыз айынан бері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары мен басқа да энергетикалық нысандарына шабуылдарды күшейтіп, жанармай жеткізілімін бұзуға және Мәскеуді қаржылық тұрғыдан әлсіретуге тырысып келеді.
Дүйсенбі күні Қарашығанақтағы өндіріс 35–35,5 мың тоннадан (шамамен тәулігіне 263 мың баррель) 25–28 мың тоннаға дейін төмендеді, деп хабарлады дереккөздер.
Қарашығанақтағы мұнай мен газ өндірісі өзара тығыз байланысты болғандықтан, газ өндіру азайған жағдайда мұнай өндіру көлемі де төмендейді.
2024 жылы Қарашығанақ шамамен тәулігіне 263 мың баррель мұнай өндірген. Өнім Каспий Құбыр Консорциумы арқылы Ресейдің Қара теңіз терминалына және “Дружба” құбыры арқылы Германияға экспортталады.
Кен орнын басқаратын консорциум құрамында америкалық Chevron (18%), еуропалық Shell (29,25%) және Eni (29,25%) компаниялары бар. Сондай-ақ Ресейдің “Лукойл” (13,5%) және қазақстандық “ҚазМұнайГаз” (10%) компаниялары да үлеске ие.
Консорциум өкілдері, “Газпром” және Қазақстанның энергетика министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
2024 жылы Қазақстан билігі Қарашығанақ акционерлерімен жылына 4 миллиард текше метр газ өңдейтін жаңа зауыт салу туралы келісімге келген болатын. Ол 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Алайда жоба қазіргі консорциум аясында құрлысы тоқтатылып, үкімет газ өңдеу зауытын салу үшін шетелдік акционерлерден бас тартқан еді.
Сала мамандарының айтуынша, Орынбор зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Қарашығанақтығы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі қыркүйекте тамызбен салыстырғанда 24 пайызға азайып, тәулігіне 200 мың баррельге дейін түскен.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
