Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орешник" пен ATACMS: Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ сессиясында қандай мәселелер талқыланатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің мақалаларынан соң ТАСС басылымында ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің сұхбаты жарияланды. Мұнда ол 28 қарашада өтетін сессияда қандай мәселелер қаралатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

тасмағамбетов

Фото: odkb-csto.org

Өз сұхбатында Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның оңтүстік бөлігі, оның ішінде Ауғанстан аумағында әлі қауіп барын айтты. 

“Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қарауына шығарылатынын құжаттардың ішінде ҰҚШҰ-ның тәжік-ауған шекарасын нығайту бойынша мемлекетаралық жобасын ерекше атар едім. Өздеріңізге белгілі, Ауғанстан аумағында ұжымдық қауіпсіздікке төнер қауіп көзі әлі де сақталып отыр”, – деді ол. 

Сұхбаттың басым бөлігі Украина аумағындағы соғысқа бағытталған. Сондай-ақ жиында Ресей жақында қолданған “Орешник” жүйесін талқылау мүмкіндігі де айтылды. 

“ҰҚШҰ-да барлық заманауи қаруды сынау, қолдану мен келешегіне қатысты тәжірибе талқыланады. Бұл – біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Сонымен қатар біз Ресей жаңа зымыран жүйесін сынауға тура келген халықаралық ахуалды бірге талқылаймыз. Аталған жағдайдың әрі қарай қалай дамитынын зерттейміз”, – деп қосты Тасмағамбетов. 

Дегенмен Тасмағамбетов Ресей аумағына ATACMS зымырандарымен соққы жасалуын талқыламайтынын айтты. 

“Әйткенмен, мемлекет басшылары қазіргі жағдайда ҰҚШҰ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселені талқылайды”, – дейді ҰҚШҰ бас хатшысы. 

Бұдан бөлек Иманғали Тасмағамбетов АҚШ билігіне Трамп оралған соң ҰҚШҰ-ның батыс елдерімен байланысын жақсартуға қатысты пікір білдірді, 

“Саясаткерлер әділ халықаралық диалог, теңқұқылы серіктестік мәселелерін көтерсе, мұны қолдайды. Американың болашақ басшылығы қандай позицияны ұстайтынын әлі де көре жатармыз”, – дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев “Известия” газетіне мақала жариялап, Путинмен кездесуде қандай мәселелерді талқылайтынын айтқан еді. 

Талқылау