Oreo печеньесі қауіпті ме: Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізді

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті желіде тараған Oreo печеньесінің зиян екені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, желілерде печеньенің кремді салмасы "пластик желім" екені, ал печеньенің "артерияларды бітейтіні" туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай таралымдар ғылыми тұрғыда дәлелденбеген. Кондитерлік өнімдер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағында техникалық регламенттердің талаптары сақталған жағдайда ғана айналымға жіберіледі.
"2025 жылы жүргізілген бақылау сатып алуы аясында Oreo печеньесінің үлгілері зертханалық тексеруден өтті. Микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламент талаптарына сай келмейтін ешқандай сәйкессіздік анықталған жоқ. Барлық үлгілердің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес болды", – делінген хабарламада.
Комитет азаматтарды күмәнді дереккөздерден тараған ақпаратқа сын көзбен қарауға және тек ресми ресурстарда жарияланған мәліметтерге сүйенуге шақырды.
Еске салсақ, OREO тәттісінің қаптамасындағы QR-код онлайн казиноға сілтеме жасап жатқаны туралы хабаралаған едік.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген