Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ордабасы" ойыншылары жанкүйерлерімен ерегескен сәті видеоға түсіп қалды  

26 қазанда "Ордабасы" мен "Жеңіс" клубтары арасында Қазақстан премьер-лигасының ойыны өтті. Елордалық клуб аутсайдер болғанымен бұл кездесуде стадион қожайындарынан 1:2 есебімен басым түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Бұл жеңілістен кейін "Ордабасы" футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген мен команда ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев шымкенттік жанкүйерлермен ерегесіп қалды. Чемпиондыққа басты үміткер саналатын клубтың бұл жеңілісіне көңілі толмаған жанкүйерлер ашуланды. 

Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Ал өзге ойыншылар бұл сәтте үнсіз қарап тұрған.

"Бізге де оңай емес. Көріп жатырсыңдар ғой, еріккеннен ойнап жатқан жоқпыз. Қақпаға доп кірмей қойды. Сен неге мені балағаттап тұрсың? "Еу" деп айтпа маған", – деп ызаланды команда капитаны.

Айта кетейік, шымкенттік "Ордабасы" клубы былтырғы ел біріншілігінің чемпионы атанаған болатын. 
Биыл да турнир кестесінде көш басында келе жатқан шымкенттік клуб қатарынан 2 матч жеңіліс тауып, бірден 3-орынға түсіп қалды. Ал Қазақстан премьер лигасының көш басында 41 ұпаймен "Қайрат" тұрса, 2-орында "Астана" (40 ұпай) командасы келеді.



@agysovv Ыдырыс бар жерде, Қыдырыс бар!🙌🏻❤️ idea: @wise.editzz #идрисумаев #футболновости #футболжаңалықтары #kazakhstanfootball #kff #kazakhstan #қазақстанфутбол #казахстанфутбол #новостифутбол #13sector #актобе04 #актобе #qazaqstan #qfl #фкактобе #fcaktobe #фкақтөбе ♬ оригинальный звук - agysovv.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда матч кезінде төреші соққыға жығылғаны айтылды. Оқиға "Pioneer" және "Eric-Son" командаларының матчы кезінде болған. Төреші қорғаушы Әлихан Тілековке қызыл карточка беріп, ойыннан шығарып жіберген, содан кейін төбелес басталды. Алайда төрешінің өзі де, оқиғаға айыпталған ойыншылар да бұған қатысты түсініктеме бермеген. Сонымен қатар әлеуметтік желіде төреші құлап, салдарынан жарақат алғанын және ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан видео тараған еді.

Талқылау