Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразаны ортасынан бастап ұстауға бола ма?

Қасиетті Рамазан айының ораза уақыты ортасына да келіп жетті. Осы орайда уақытын өткізіп ораза ұстамағандар қазірден бастап ауыз бекіте ала ма?

Image processed by CodeCarvings Piczard ### FREE Community Edition ### on 2015-06-20 17:10:52Z | https://piczard.com | https://codecarvings.comизя+8ы О

Оразаны ортасынан ұстасаңыз болады. Ораза айынан кейін тұтпаған күндеріңізді өтейсіз. Ниетіңіз қабыл болсын! Тұтқан оразаңыз қабыл болсын, деп жазады muslim.kz.

Көп адам Рамазанның бел ортасынан немесе бір-екі күн өткізіп ұстап жатады. Олардың да себебі әртүрлі. Біреулерге оразаның сауабы жайында айтылған уағыздар әсер етсе, енді біреулердің ораза ұстауына жақын туыстары, достары себепкер болып жатады.

Негізінде мұсылман адам Рамазанға бірнеше ай бұрын дайындық жасауы керек. Нәпіл оразалар ұстап, оразаның сауабы, пайдасы жайында ақпараттар оқып және т.б. Өйткені, Рамазанның бір күнінде тұтылған оразаның сауабын сіз бір жыл ораза ұстап ала алмайсыз. Сондықтан, Рамазанның бір күнін бос қалдырмай тұтқан абзал. Кейде сапардағы кісілер, аздап ауырған кісілер шыдап, Рамазанның сол күнгі оразасын тұтып жатады. Оның себебі, жаңағы айтқан сауаптан құр қалмау.

Құрылыста жүріп, тіпті металлург болып жұмыс істейтіндердің ораза ұстап жүргенін естідік. Оларды қасиетті Рамазан айындағы оразаның мол сауабынан үміт еткен жандар деп білеміз. Себебі, ораза – дені сау әрбір мұсылманға парыз әрі сауабы еселеніп берілетін ұлы құлшылық.

Тағы да оқыңыз:

Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Дұға міндетті түрде қабыл болатын 25 жағдай

Тарауық намазының пайдасы қандай?

Шыдамы жетпеген адам орта жолдан оразасын бұзуға бола ма?

Талқылау