Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразада орамал тағып, жазда жартылай жалаңаш жүретін жұлдыздар сынға ілікті

Айлардың сұлтаны Рамазан келіп, Алла деп аузын ашқандар тамақтан бас тартып, бірін-бірі ауызашарға шақыруда. Олардың қатарында көптің аузында жүрген танымал әншілер де бар. Дәл осы қасиетті айда Instagram желісін ашсаңыз, әншілердің ауызашардағы әдемі суреттері санаңызды сан-саққа жетелейді. Алайда желі қолданушыларының бір тобы өнер иелерінің бұл әрекетін әдепсіздікке жатқызуда.

жазда жаланаш ораада тумшаланып

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көпті көрген Гүлбаршын апаның айтуынша, бұл айда суретке түсіп, оны елге көрсетудің өзі – барып тұрған әдепсіздік.

«Оразаны кез-келген адам Алланың разылығы үшін ұстайды. Бұл қасиетті айда тіпті фотоға да түсуге болмайды. Ал біздің әншісымақтарымыз оразаны міндет ете ме әлді мақтан тұта ма, әйтеуір таңнан кешке дейін түрлі сурет салып жатады. Бұл не сұмдық?! Айналайындар-ау, оразамен ойнамаңдар! Жақында Қарақат қызымыз мешітте туған күн жасап сайраң салып еді, енді оразаны пайдаланып, жұртқа жағуды көздейсіңдер. Ораза ұстау мақтаныш емес!» – деп сынады ол.

Расында да жазда желіге жалаңаш суреттерін салатын сұлулар да ораза айында орамал тағып, тақуалыққа талпынып жүргендей әсер қалдырады.

Әріптестерінің бұл әрекеті Мейрамбектің шәкірті Райым Уайыстың да ызасын тудырған екен.

«Иә, өтірік емес, дәл осы ораза айында сахнада жүрген сұлуларымыз басынан орамал тастамайды. Әрине, ол дұрыс қой. Десек те, мен мұны екі жүзділікке жатқызар едім. Олардың басқа да суреттерін көріп жүрміз ғой. Көп жұлдыздар тәнін көрсетуден ұялмайды. Ал ораза кезінде періштедей аппақ болып шыға келеді. Осы үшін қазір әлеуметтік желілерге кірмейтін болдым», – дейді әнші.

Мейрамбектің шәкірті мешітте туған күнін тойлаған Қарақат Әбілдинаны да біраз жерге апарып тастады.

«Қарақат апайдың мешітте туған күн жасағаны діни көзбен қарасақ қате іс. Мешіт деген – Алланың үйі, ол жерге мұсылмандар намаз оқуға барады. Мен Қарақат апайдың жеке меншік мейрамына жиналған әйелдердің барлығы дерлік дәрет алған деп айта алмаймын. Мешітке дәретсіз кіруге болмайды. Ән айтуға болмайды. Қарақат апайымыз ренжімесін, бірақ бұл менің пікірім», – дейді Райым.

Бұл тарапта біз Қарақат ханымның өзін сұхбатқа тартып көрдік. Алайда, әнші жеке мейрамымда тек мұсылман меймандар болды деп жауап қатып, телефон тұтқасын қоя салды.

Айтпақшы әншілер арасныда Райымның пікіріне қарсылары да табылды. «Жігіттер» квартетінің беделді әншісі Бағлан Әбдірайымовтың ойынша, әншілердің ифтардағы суреттері жастарды жақсылыққа жетелейді.

«Исламда «жария садақа» деген бар. Яғни кез-келген мұсылман өзінің құлшылығын көпке жария ету арқылы, исламға шақырады. Мойындау керек қой, бүгінгі таңда қарапайым халық әншілерден үлгі алады, соларға еліктейді. Олар біздің ауыз бекіткенімізді көріп, мүмкін ертең ораза ұстауды бастайтын шығар. Сондықтан бұл ешқандай да мақтаныш емес, керісінше, қоғамға қосқан үлес деп есептеймін. Сондықтан бізді де түсінулеріңізді сұраймын», – дейді Бағлан.

Ал Нұрмұхаммад Иминов Наиб-имам болса ауызашардағы суреттерін жария ететін жұлдыздардың әрекетін «атаққұмарлықтың сырқаты» деп бағалады.

«Ғаламторға сурет салу Аллаға құлдық, мінәжат емес, ғазиз жүректеріңді меңзеген атаққұмарлықтың сырқаты. Дәл осы отырғанда әншілер кешірім мен ақірет туралы ойлап отырған жоқ, ертең инстаграмға шығатын суреттері мен оған қанша лайк басылатыны туралы ғана ойлап отыр», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал қазақ ақыны кітап шығарған Есентаеваның әрекетін «қылмысқа» теңеді

Асхат Тарғын бар жиғанын беріп Алматының төрінен алған сарайдай үйін көрсетті (фото)

Мейрамбек Бесбаев Алматыдағы сән-салтанаты жарасқан мейрамханада аузыашар берді (видео)

Танымал актриса Шәкәрімнің поэзиясын насихаттау мақсатында ұятсыз фильмге түсті (видео)

Талқылау