Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдықтар көшеде жылап жатқан нәрестеге назар аудармай қойды (видео)

Оралдағы жастар орталығы қалалықтардың мейірімділігін тексеріп көру үшін, “нәрестені” көше бойына тастап кетіп әлеуметтік зерттеу жүргізген.

print

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

БҚО жастармен жұмыс ресурстік орталығының жетекшісі Кенесары Нұршиновтың айтуынша, соңғы уақытта тастанды балалар тақырыбы жиі қозғалып жүр. Сол себепті дәл осы жағдайды қалалықтар назарына ұсынып, бақылап көрмек болған.

“Қыз сәбиді жылаған күйінде тастайды да кетіп қалады. Біз бұл көріністі аялдамада, Арбатта, ойын-сауық орталықтарының маңында сынап көрдік”, – дейді ол.

Сынақтың барлық сәтін жасырын камераға түсірген. Өтіп бара жатқандардың реакциясы әртүрлі болған. Бірі темекі тартып, телефонмен сөйлесіп жанынан өтіп кетсе, енді бірі тіпті байқамаған сыңай танытқан. Бірақ, көбісі “сәбидің” жанына келіп, ата-анасын табуға тырысқан.

“Сынақ қорытындысы бойынша “нәрестенің” қасынан 19 адам өтіп кетіп, 25 адам оған келді. Мұндай қатаң сынақ үшін бізге ұрысқан адамдар да болды. Біз тек қалалықтардың мұндай жағдайға қаншалықты дайын екендіктерін тексергіміз келді”, – дейді Кенесары Нұршинов.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда облысында “Алла” және “Мұхаммед” деген жазуы бар қозы туды

Теріс діни ағымнан қайтқан 52 жастағы шымкенттік азаматтың оқиғасы

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Талқылау