Оралдық кәсіпкер ұшақ ішінен балалар кафесін ашпақшы (фото)
Оралдық кәсіпкер балалар алаңының жанына «ЯК-40К» ұшағын орнатып, жұрттың таңданысын туғызды. Алайда алғашқыда елдің түсінбестігін туғызған кәсіпкер әуе көлігінің ішінен балалар кафесін ашуға ниетті екенін жеткізді.
Бұл туралы «Мой город» хабарлады.
Кәсіпкердің айтуынша, балалар кафесін ашу идесы оған «Як-40К» ұшағын сатып алғаннан кейін ғана келген.
«Бұл ұшақты Ақтөбеде сатып алып, кейін осында алып келдім. Бұл әуе көлігі ұшуға жарамсыз, алайда оны жерде пайдалы іске жаратуға болады. Енді осы ұшақтың ішінен балалар кафесін ашсам деймін», – деп түсіндірді кәсіпкер.
Бұдан өзге, кәсіпкер балаларға арнап бүтін бір кешен тұрғызуды жоспарлап отырғанын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда 56 автокөліктің бүйір айнасын шешіп алған ұры сотталды
Алматыда төбелестен кейін ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде асылып қалды
Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды
Талқылау