Оралдың бас сәулетшісі пара алғаны үшін 7 жылға сотталды
Орал соты Батыс Қазақстан облысы бойынша қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Сот мәліметінше, директор (Тәшенбаев М.) "Алиханстройпроект" ЖШС директорының орынбасарынан (Көпбаев А.) көпқабатты тұрғын үй құрылысының жобаларын бекіту үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ аукцион өткiзбей, жер телімін заңсыз беріп қызмет бабын асыра пайдаланған.
Онымен бірге оның қарамағындағы қызметкері (Батыс Қазақстан облысы, Ғатау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Н.) мен ЖШС директорының орынбасары да сотталды.
- "Мың доллар сұрайтындар бар": Елімізде жүргізуші куәлігін алу үшін пара беретіндер саны 10 есе өскен
"Ғатау Көпбаевтан жер учаскесін таңдау актісін келісім арқылы жасауға 500 мың теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтер порталына жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізу арқылы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған. Тәшенбаев пен Ғатау 7 және 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал пара беруші 7 жылға сотталды. Олардың барлығы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан біржола айырылды", – делінген хабарламада.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажин 19,5 миллион теңге пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.