Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы тұрғын үйде өрт сөндіруші жұмыс істеп жатқан сәтте жойқын жарылыс болды (видео)

Видеодан скрин

Орал қаласында бес қабатты үйдегі пәтерлерінде өрт шығып, өртті сөндіру кезінде жойқын жарылыс болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеода өрт сөндірушінің терезе арқылы пәтерге кіріп жатқан сәті көрінеді. Дәл осы кезде жойқын жарылыс болады. Абырой болғанда, өрт сөндіруші аман қалған. 

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен қою түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үй жиһаздары мен жеке заттардың жанып жатқанын анықтаған.


"12 адамды жалмаған Жетісай трагедиясынан сабақ": Үйді өрттен қорғаудың қарапайым тәсілі аталды

"Адам өмірінің құны - 2,5 мың теңге": ТЖМ Түркістан облысындағы 12 адамның қазасынан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады


Өртті сөндіру барысында газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Қауіпті жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер үй тұрғындарын дер кезінде эвакуациялап үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Көршілердің айтуынша, өртенген пәтерде ешкім тұрмаған. Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары өрт сөндірушілердің ерлігіне ерекше тоқталды. 

“Өрт сөндірушілердің жалақасы ең аз 1 миллион теңге болуы керек”, “Аман қалуыңмен, бауырым”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда мұғалім эксперимент жасаймын деп өртеніп кете жаздағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 20:32