Оралда жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды
Оралда жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды. Анасы Карина Клеменконың айтуынша, оған қызының өлімі жайында полицейлер айтқан.деп хабарлайды Мой город.
Анасы қызының өлі денесін өзі көрмеген. Алайда оның қызы екенін киімінен таныды. Мәйіт әйелдің пәтеріне бірнеше метр жерден табылған. Пәтерде жалға алушылар тұрып жатыр. Қазір сараптама жүріп жатыр.
Екі баланың анасы 19 сәуір күні үйінен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Ол пәтер жалдаушылардың жағдайын білмек болыпты. Оның артында 6 және 15 жастағы екі баласы қалды.
Талқылау